Медқызметкерлерге үстемеақы төлеуге 150 млрд теңге бөлінеді

1 Қыркүйек 2020, 12:08
1652
Бөлісу:
Медқызметкерлерге үстемеақы төлеуге 150 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

2-жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлінеді, - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы отандық фармацевтика саласын аяғына тік тұрғызуды тапсырды.

Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін, - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялап жатыр.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратуда.


Өзгелердің жаңалығы