Медициналық мекемелер жабық: Ауырсаңыз, не істеу керек?

19 Наурыз 2020, 15:46
3291
Бөлісу:
Медициналық мекемелер жабық: Ауырсаңыз, не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын карантинге жапты. 

Осыған орай, еліміздегі барлық әлеуметтік ұйым, соның ішінде медициналық мекемелер карантинге жабылды. Бүгіннен бастап емханалар мен ауруханаларға бөгде адамдардың кіріп-шығуына рұқсат жоқ. 

Ауру тарайтын ең қауіпті жерлердің бірден-бірі ол - емхана. Көптеген азамат әртүрлі аурулармен келеді. Сондықтан індеттің алдын алу мақсатында адамдардың санын азайту мақсатында бірнеше шектеу қойылды. Күндізгі стационарда жатқан адамдар бұрынғысынша емделе береді. Жоспарлы түрде қаралу керек науқастар кейінгіге шегерілді. Ал ота, босанатын әйел адамдар және т.б шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жандар жоспарлы түрде қарала береді, - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Сондықтан қатты науқас адамдар шұғыл медициналық көмекке зәру болса, жедел жәрдемге хабарласып, үйге шақырады немесе емхананың көмегіне жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы