Медициналық жабдықтардың қымбаттауы мемлекетке 40 млн теңгеден астам шығын әкелді – Карипова

18 Қыркүйек 2020, 15:16
1122
Бөлісу:
Медициналық жабдықтардың қымбаттауы мемлекетке 40 млн теңгеден астам шығын әкелді – Карипова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова «Antikor live» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Пандемия кезінде медициналық жабдықтар мен бұйымдарды сатып алу ерекше бақылауға алынды. Мысалы, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Ресейде шығарылған «Авента-М» (12) өкпені жасанды желдету аппаратының (ӨЖЖ) біреуін 21 млн теңгеден астам бағаға сатып алған. Осы кезеңде демеушілік көмек ретінде Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасы осы ӨЖЖ аппараттарын 3 млн теңгеге арзан сатып алды. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының сатып алу көлемін ескере отырып, медициналық жабдықтар құнының артуы мемлекетке 40 млн теңгеден астам шығын әкелді, - деді ол. 

Карипова атап өткендей, ашық қайнаркөздер деректері бойынша Ресейдегі пандемия кезінде «Авент-М» құны 2 есе арзан болды, шамамен 10,3 млн теңге.

Бұдан басқа ӨЖЖ аппаратын қолдануға өндіріс елі санкция енгізгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында да тоқтатты. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі де Денсаулық сақтау басқармасының ӨЖЖ аппараттарын жоғары бағамен сатып алудың осындай фактісін анықтады. Сондай-ақ әр түрлі өңірлердегі медициналық мекемелер үшін Америкада өндірілген ӨЖЖ (V8600) аппаратын бір жеткізушінің 8 млн теңгеге дейінгі бағамен сатқан фактілері анықталды, - деді ол. 

Карипова өңірлерде аталған аппараттар қаншадан сатылып жатқанын айтты. 

Қостанай облыстық ауруханасы үшін аппарат 17,5 млн теңгеге, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы үшін – 19 млн теңгеге, Шымкент қаласының медициналық орталықтары үшін 22 млн теңгеден астам шығынға ұшырады. Ал қазір ол 14 млн теңгеге сатылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұраухатына сәйкес, көрсетілген фактілер бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары тексерулер жүргізуде. Нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы