Бас жаңалықтар
Медициналық ұйымдарды онлайн-бақылау тәртібі енгізілді
07 Шілде 2020, 12:24 192

Медициналық ұйымдарды онлайн-бақылау тәртібі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекциямен күрестегі өзекті сұрақтар" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Медициналық ұйымдарды қадағалаудың жаңа форматы - онлайн-бақылау тәртібі енгізілді. Күні кеше ғана Атырау ауруханалаына онлайн-бақылау жүргізілді. Бұл дегеніміз, қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері кез келген өңірдің медициналық ұйымына хабарласып, онлайн байланыспен ұйымды бақылай алады деген сөз. Қызметкерлеріміз шынайы мәселені сұрайды. Қандай кабинетке кіруді де министрлік қызметкерлері айтып отырады. Кеше ғана осындай тәртіппен бірнеше пациентпен сөйлестік. Яғни, жұмыстың мұндай форматы аз уақыттың ішінде бірнеше аурухана жұмысын тексеруге мүмкіндік берді, - деді ол.

Алексей Цой бұған дейін заңсыз дәрі саудасы анықталған өңірлерді атап, тіпті еліміздегі кейбір дәріхана қызметкерлері дәрілерді астыртын сатқанын айтқан еді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...