Бас жаңалықтар
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары түсіндірілді
22 Қазан 2019, 15:59 228

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қалалық құрылымдардың өкілдерінен құрылған мобильді топтар ресми тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесу өткізуде. Аталған санаттың медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттарын түсіндіру жұмыстары Орталық базар мен "Керуен" ОСО-да өтті, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топтардың құрамына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Байқоңыр және Есіл аудандары, Жұмыспен қамту орталығы, Көші-қон полициясы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері кірді.

Мамандар халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде өз мәртебесін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, Бірыңғай жиынтық төлемін төлеу тәртібін түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес мұндай кездесулер халық көп жиналатын жерлерде өткізілетін болады.



Фото: дереккөз
Загрузка...