Медициналық пойыз дәрігерлері Қостанайда туберкулезге күдікті оннан астам адамды анықтады

23 Шілде 2019, 20:58
1266
Бөлісу:
Медициналық пойыз дәрігерлері Қостанайда туберкулезге күдікті оннан астам адамды анықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық пойыз Қостанай облысының станциялары мен шалғай елді-мекендеріне сапарын аяқтады. 

«Денсаулық» пойызы Қостанай облысының 13 станциясы бойынша сапарын аяқтады. 13 күннің ішінде пойыз 2654 адамды қабылдады, 1435 тұрғын тесерістен өтті, оның 156 бала, 82 шағын хирургиялық ота жасалып, 100 ФГДС процедурасы, 613 УДЗ (УЗИ) және 348 флюорография жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша тұрғындар көп қаралған мамандар ол: кардиолог – 360 адам тексерілген және терапевт 334 адамды қабылдаған. 

IMG_20190619_160947_662.jpg

«Осы аймақтағы медициналық тексеру кезінде жедел медициналық көмек көрсетуді қажет еткен бірнеше жағдай тіркелді: ауыр геморрагиялық инсульт, 2 ауыр ишшемиялық инсульт, миокард инфарктына күдікті 2 ауыр коронар синдромы, Квинке ісігі типті ауыр аллергиялық реакция. Жалпы,  Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысының тұрғындарының арасында көбінесе жүрек-қан тамырлары патологиясының аурулары мен неврологиялық сипаттағы проблемалар, ішкі ағзалардың аурулары - гастрит, дуоденит және тері ауруларына шағымдар көп түсті. ЛОР (тыныс алу жолдары) аурулары мен офтальмологиялық сипаттағы ауруларға шағымдар көп тіркелді. Флюорографиялық тексеріс кезінде дәрігерлер туберкулезге күдікті 10-нан астам адамды тіркеп, оның ішінде аурудың бірнеше рецидиві анықталды », - деп Денсаулық медициналық пойызының жетекшісі, дермотовенеролог дәрігер Гүлшат Есбаева Қостанай облысының тұрғындарын қабылдау бойынша жұмысты қорытындылады.

Бұдан әрі пойыз Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарының тұрғындарына қызмет көрсету үшін қалған 8 облысты аралауға жолға шығады.

IMG_20190619_160941_547.jpg

Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық облыс тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетуді жалғастыруда. Медициналық пойыз мамандары қазірдің өзінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.

Айта кетейік, 29 сәуірден бастап бүгінге дейін «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызы бес облыстың 78 станциясының тұрғындарына қызмет көрсетті. Медициналық пойыз мамандарымен 12903 тұрғын қаралды, оның 2365 бала, жалпы 29 484 дәрігерлік қабылдау тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы