Медициналық масканы қымбатқа сатқандар ұсталды

20 Наурыз 2020, 23:38
1343
Бөлісу:
Медициналық масканы қымбатқа сатқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік өңірінен медициналық маска бағасын асырып сатудың 4  фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменттері соңғы тәулікте медициналық маска бағасын асырудың 4 фактісін, соның ішінде құжаттарсыз және мемлекеттік кірістер органында тіркеусіз сату фактісін анықтады. Департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент және Тараз қалаларында әр данасы 160 пен 200 теңге шамасында өзгеріп отырған 30 000 дана маска сатылымнан алынды, – делінген хабарламада.

Аталған факті ЭТД СДТБТ-де ҚР ҚК 190-бабы, 1-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
 
Сонымен қатар ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті әлеуметтік маңызы бар тауарларға және жеке қорғау заттарына бағаларды орынсыз қымбаттатқаны үшін жауаптылыққа тартылатынын ескертеді.

Аталмыш фактілер кездескен жағдайда комитеттің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78.

Өзгелердің жаңалығы