Бас жаңалықтар
Қазақстанның медицина саласы сынға түсер сәт - сарапшы
09 Сәуiр 2020, 11:35 180

Қазақстанның медицина саласы сынға түсер сәт - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жариялаған үндеуіне қатысты ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева өз ойымен бөлісті.

Елбасы өз үндеуінде барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясына қарсы күресте бірлік пен ынтымаққа шақырады. Елбасы бұған дейін дер кезінде қабылданған алдын алу шараларының нәтижелі болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың назарын пандемияға қарсы күрестің берік іргетасына айналған денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға да аударды. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудың тұрақты инфрақұрылымы құрылды. Бағдарламаны іске асыру жылдары әлеуметтік маңызды аурулармен күресте оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші бағдарламаны іске асыру басталғанға дейінгі (2010 жыл) және оны аяқтау сәтіне (2014 жыл) деректермен салыстырғанда 43,5%-ға төмендеді. Осының бәрі COVID-19 күресуде инфекционист-дәрігерлердің еңбегі – дейді сарапшы.

Оның ойынша, қазіргі уақытта "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы сапалы және қол жетімді медицинаның дамуында маңызға ие "Денсаулық 2020" бағдарламасы аясында жалғасып келеді.

Бағдарламаға сәйкес 2018 жылға қарай 34 жұқпалы және паразиттік дерттер бойынша ауру деңгейі төмендеуіне қол жеткізілді. Осылайша, 2020 жылға қарай елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды және жоғары тәуекелге ие болмағанын атап өтуге болады – дейді ол.

Ол бүгінгі таңда дәрігерлердің кәсіби дайындығы пандемиямен күресте басты факторлардың бірі екенін ескеру керектігін айтты.

Мәселен, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша Елбасының бастамашылық жасаған бағдарламаларының арқасында медицина кадрларын даярлау 13 ЖОО-да және 83 медициналық колледждерде жүргізілуде. ЖОО-ның жыл сайынғы шығарылымы 3 мыңнан астам маманды құрайды. 2019 жылдан бастап жаңа оқу бағдарламасы енгізілді. Оның шеңберінде клиникалық пәндер бойынша практикалық сабақтар сағаттарының саны артты. Осы шаралардың барлығы денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған және тұтастай алғанда 2020 жылы бүкіл әлемді қамтыған коронавирус пандемиясы сияқты күтпеген жағдайларға жаңа кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі салауатты өмір салтын насихаттау арқылы азаматтың өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Осыған байланысты, пандемиямен күресті күшейту жағдайында Тұңғыш Президент әрбір қазақстандықты батылдық пен шыдамдылық танытуға шақырады. Себебі COVID-19-дан келген жеңіс медиктерге ғана емес, барлық қазақстандықтардың командалық жұмысына да байланысты – дейді Жанар Санхаева.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...