2 мыңнан аса медицина қызметкері Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден алды

10 Сәуір 2020, 15:45
2057
Бөлісу:
2 мыңнан аса медицина қызметкері Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен күресуге жұмылдырылған 2 мыңнан аса медицина қызметкері Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден ақшалай төлем алды. Осы мақсатқа демеушілік қаражаттан 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, біржолғы төлемді бүгін елорда мен Алматыдағы 29 медициналық мекемеде жұмыс істейтін 2112 ақхалатты алған.  

Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға және бүгінде коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдады. Елбасы тапсырмасы бойынша Birgemiz қоры да Nur Otan партиясының қолдауының арқасында осы бағыттағы жұмыстардан тыс қалып отырған жоқ. Күні кеше ғана біз 23 қаланың 150 мыңнан астам мұқтаж отбасына 50 теңге көлемінде біржолғы ақшалай көмек берудің бірінші кезеңін бастадық. Сонымен қатар, індет жұқтырғандардың басым бөлігі - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екенін білесіздер. Осы қалалардың медицина қызметкерлері қазіргі таңда күні-түні жұмыс істеуде. Олардың отбасыларын көруге, тіпті, тынығуға да мұршалары жоқ. Сондықтан біз оларға қазақстандықтардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, Birgemiz қорынан қаржылай көмек беру арқылы қолдау көрсеткіміз келеді, - деді Руслан Сәкеев.
Ал сол кезде дәрігерлер әлеуметтік желілерде өздерінің әсерлерімен бөлісіп жатыр. 
Жан-жақты қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Бұл біздің рухымызды көтеріп, жігерлендіреді! Менің Қазақстаным БІРГЕ барлық қиындықты жеңеді деп сенемін!!! Біз біргеміз!!!, - деп жазды елордалық №3 көпбейінді балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері Айнур Омарова.
Психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі Гүлнар Алтынбекова да жылы лебізін білдірді.
Қазақстанның барлық медицина қызметкері атынан мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел үшін осындай қиын-қыстау кезіңдегі қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!, - деп атап өтті Гүлнар Алтынбекова.
Бұған дейін 150 мыңнан астам мұқтаж отбасы да Birgemiz қорынан 50 мың теңгеден ақшалай көмек алатыны айтылған еді. Алғашында қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артты. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Biz Birgemiz акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды.
7,6 млрд теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушылардың банктік есеп-шоттарына аударылады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар, - деді Руслан Сәкеев.

Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару кезінде одан комиссия алынбайтынын айтты. Сондай-ақ, бұл қаражаттың несиелері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да қарастырылған. 

Жалпы Birgemiz қоғамдық қорының есепшотына 18 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. "СҚ-Фармация" үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлеуметтік әлсіз топтарына тегін тарату үшін 5 млн маска сатып алу туралы шартқа қол қойылды. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінген көмек туралы ақпаратты бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz ресми сайтын ашты

Өзгелердің жаңалығы