Медицина мекемелеріне гуманитарлық көмек көрсетілді

13 Тамыз 2020, 15:48
1318
Бөлісу:
Медицина мекемелеріне гуманитарлық көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетімен күресуде медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетуде жеке ұйымдар да шетте қалмады. 


Солардың бірі "Шығыс Қазақстан АЭК" АҚ өкілдері облыс ауруханаларына жеке қорғаныш құралдарын табыс етті. Жалпы, салмағы 200 кг болатын гуманитарлық көмек ішіне медициналық маска, респиратор, қорғаныш киімдері кірген. 
Қазіргі қиын жағдайда коронавирус індетімен күресіп жатқан денсаулық сақтау саласының қызметкеріне қолдау көрсету тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да міндеті. Осыған орай біз олардың жұмысына алғыс білдіре отырып, осы гуманитарлық көмекті табыс етіп отырмыз, – деді "ШҚ АЭК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Маканов. 

Аталмыш көмек жуық арада Шығыс Қазақстанның ауруханаларына таратылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы