Бас жаңалықтар
Медицина кадрларын іздеу жалғасуда
04 Тамыз 2020, 13:18 366

Медицина кадрларын іздеу жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында айтты.

Біз кадрларды іздеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізудеміз, БАҚ-та, әлеуметтік желіде ақпараттандыру мен кеңінен насихаттауды, өтінімдерді жинауды жалғастырып жатырмыз. Бірінші кезекте жеке меншік медицина ұйымдарынан әріптестерді тартуға тырысамыз, одан кейін колледждер мен ЖОО түлектерін тартудамыз. Алматы қаласында 2 медициналық университет және 10-нан астам колледж бар. Сондай-ақ, волонтерлерді де шақырып жатырмыз, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау жүйесінің барлық саласында бейімделу жүріп жатқанын жеткізді. Одан бөлек қызметкерлер үшін тиісті еңбек жағдайлары жасалып жатыр екен. 
Мотивация жүйесі ойластырылған, барлығына қонақүйлерде тұру үшін бөлмелер, трансфер, 3 рет тамақтану қарастырылған. Денсаулық сақтау жүйесін бүгінгі жағдайға бейімдеу үшін мынадай шаралар қабылданды: барлық клиникада тиісті өкілеттіктері мен жалақысы бар эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасар лауазымы енгізілді, жұқпалы аурулар стационарларда кадр резерві үнемі жаңартылып отырады, 2020 жылдың 3 тамызында кадр резервінде 2335 адам бар, -дейді ол. 
Сондай-ақ, ол ЖОО және колледждермен студенттерді тарту, инфекциялық стационарларда өндірістік және жазғы практикадан өту бойынша келісімге жасағандарын жеткізді. 
ЖОО-ның интерндері, резиденттері, медициналық студенттері, сондай-ақ. профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды. Мысалы, пациенттерді бақылау орталығында профессорлар мен оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Волонтерлерден жүк тиеуші, жүргізуші және тағы басқа ретінде тартылатын құрам жинақталды, - дейді Сұлтанғазиева.
Оның айтуынша, медициналық ЖОО мен колледж түлектері үшін бірқатар тиімді шара қабылданған. Яғни маман сертификаттарын алу жеделдетілген, жұмысқа қабылдау жеңілдетілген (құжаттар саны азайтылды), инфекциялық стационарларға жұмыс істеуге рұқсат ретінде COVID-19 оқыту бойынша сертификаттар жарамды болып табылады, студенттер үшін мотивацияны арттыру, мысалы, резидентураға конкурстан тыс қабылдау шарасы қолға алынған.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...