Бас жаңалықтар
Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
PHOTO
19 Маусым 2021, 10:40 388

Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Медициналық қызметкерлер күні мерекесіне орай концерт берді.

Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету мәселесін іске асыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-полковник Қ.Н.Қасымовтың арнайы тапсырмасы бойынша, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің былтырдан бері әлемде орын алған коронавирус індетімен күрес кезіндегі қажырлы да жанқиярлық еңбегіне алғыс білдіру және Медицина қызметкерлері мерекесі құрметіне орай, 17 және 18 маусым күндері Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында және Ұлттық ғылыми медициналық орталығында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық әкімдігінің аудандық ауруханалардың үздік медицина қызметкерлеріне құттықтау іс-шарасында мерекелік концерт көрсетті, - деп хабарлады ҚР МКҚ баспасөз қызметі. 


ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің эстрадалық симфониялық ансамблінің әртістері, ән және эстрада ансамблінің солистері мен халық аспаптары ансамблінің әртістері өз өнерлерін көрсетіп, дәрігерлер мен медбикелердің, осы ауруханалар пациенттерінің ыстық ықыласына бөленді, ал үрмелі аспаптар оркестрі музыканттарының дефиле көрсетілімін көрермендер ду шапалақпен қарсы алды.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...