Медеу мен Шымбұлақ демалыс күндері жабылмайды

26 Маусым 2020, 18:02
1666
Бөлісу:
Медеу мен Шымбұлақ демалыс күндері жабылмайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев коронавирусты таратпау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес 27-28 маусым күндері Алматыға қосымша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлады.

Оның айтуынша, маусымның 27-28 күндері қаладағы базарлар мен ірі сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік те жүрмейді. Ол нысандарда дезинфекция шаралары жүргізіледі. Дегенмен ашық табиғат аясындағы нысандар жабылмайды.
Медеу, Шымбұлақ және өзге де ашық аспан астындағы скверлер мен саябақтар жабылмайды. Одан бөлек қаладағы арбат та ашық болады. Бұл нысандар адамдардың таза ауада серуендеуі үшін жабылмайды, -дейді әкім орынбасары.
Сонымен қатар, ол неліктен демалыс күндері шектеу енгізіліп отырғанын түсіндіріп өтті.
Сараптамаға қарап отырсақ адамдар әсіресе демалыс күндері вирус жұқтырады екен. Басқа күндері көпшілік жұмысқа барады, базар мен сауда үйіне көп бара бермейді. Ал демалыс күндері бұл жерлерде адамдардың жиналуы өте жоғары. Вирустың одан әрі  таралуын бәсеңдету үшін осындай шешім қабылдап отрымыз, - дейді С. Тұяқбаев.

Өзгелердің жаңалығы