2019 жылы елімізде шамамен 220 мың тонна құс еті өндірілді

23 Қаңтар 2020, 15:43
2327
Бөлісу:
2019 жылы елімізде шамамен 220 мың тонна құс еті өндірілді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада мал шаруашылығы саласындағы сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы құс еті нарығының дамуы туралы айтылды.

Қазақстандық құс етін өндірушілер көп ұзамай ішкі нарықтағы құс еті қажеттілігін толығымен қамтитындарын жеткізді.

2019 жылы елімізде шамамен 220 мың тонна құс еті өндірілді. Бұл нарықтағы сұраныстың тек 60%-ы ғана. Ал қалған 40 %-ы Ресей, АҚШ, Украина елдерінен әкелініп жатыр. Дегенмен өткен жылы импорт көлемі 160 000 тоннаны құрады. Яғни бұл жергілікті өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайтып, нарықты толығымен қамтамасыз етуге болатынын көрсетеді. 2030 жылға қарай ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтып, Қытай, Орталық Азия, Таяу Шығыс елдері сияқты жақын аймақтарға өнімді экспорттай алады.

Мал шаруашылығы саласы бойынша сарапшы Серік Толықпаев тауық етін өндіру бойынша әлем мен Қазақстандағы қазіргі ахуал,импортты алмастыру мәселелерін көтерді.

Қазіргі таңда құс етін өндіретін Aitas.kz компаниясының өзіндік стратегиялық көзқарасы бар. Қазақстандағы жергілікті ІҚМ дамуы жайында зерттеді және өзіндік даму жолын қалыптастырды. Қазақстандағы құс етін өндіру бойынша ұзақмерзімді стратегия да қалыптастырдық, - деді сарапшы С.Толықпаев.

WhatsApp Image 2020-01-23 at 14.51.27.jpeg

Сондай-ақ, ол стратегиялық жоспар аясында компания өндіріс көлемін 900 мың тоннаға дейін, ал экспорт көлемін 600 мың тоннаға жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Бұл көрсеткіштерді жүзеге асыруда құс өндіру саласындағы екі ірі құс фабрикасы белсенді болмақ. Ол – "Өскемен" құс фабрикасы және "Макинск" құс фабрикасы. Үшіншіден, жоспарланып отырған Алматы не Шымкент өңірінде қуаттылығы 500 тонналық құс фабрикасы да есепке алынады, - деді ол.

Сарапшының айтуынша, 2030 жылға қарай әлем халқының саны шамамен 8,5 млрд адамды құрайды. Яғни бұл өзгеріс етті тұтыну өсіміне ықпал етеді. 

2030 жылға қарай әлемде халық санының көрсеткіші шамамен 8,5 млрд адамды құрайды. Яғни, бұл өзгеріс етті тұтыну өсіміне ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы, құс етінің бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, құс еті ақуызға ең бай. Екіншіден, етті тұтынуда медициналық, діни және басқа да шектеулер, кедергілер жоқ. Үшіншіден, тауық еті энергия құндылығын сақтай отырып, диеталық және оңай сіңірілетін өнім екені белгілі, - деп атап өтті Серік Толықпаев.

Аitas.KZ АҚ өз саласындағы жетекші орынды алатын өндірушілердің бірі. Жалпы нарықта 12%, ал жергілікті өндірушілер арасында 20%-ын құрайды. 

2018 жылы Макинск құс фабрикасы іске қосылды. Ол фабриканы әлемдік құс индустриясының маңызды бөлігі ретінде қарастыруға болады. 2019 жылы МҚФ және ӨҚФ-да (Макинск пен Өскемен құс фабрикаларында) құс етінің өндірісі шамамен 60 000 тоннаны құрады. Алдағы 3-4 жылда компания өндірісті 150 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Қазіргі уақытта бұған қажетті барлық алғышарт бар, - деді сарапшы.

Құс шаруашылығының өндірісте бірнеше артықшылығы бар:

- Жемшөп шығынының жоғары коэффициентіне байланысты жерді пайдалану деңгейі төмен;

- Өндірістік құс шаруашылығы өнімі қарқынды мал шаруашылығы жүйелерінде парниктік газдардың төмен деңгейіне ие;

- Құс еті шаруашылығы жерді пайдаланусыз жүргізуге болатын мал шаруашылығының жүйесіне жатады;

- Ірі қара мал мен ұсақ малды өсірумен салыстырғанда, көбею қарқыны жылдам.

2030 жылға қарай құс еті өндірісінің өсімі дамыған елдерде ерекше күтіліп отыр. Алайда, өндіріс пен экспорт бойынша Бразилия, Қытай, ЕО, АҚШ, Ресей елдері көш бастап тұр.

Айта кетейік, 2030 жылға дейін тұрақты даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру көлемі 3 млрд теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы