ҚМДБ: Call-орталық 1000-нан астам діни сауалға жауап берді

28 Маусым 2020, 16:17
3265
Бөлісу:
ҚМДБ: Call-орталық 1000-нан астам діни сауалға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәулік бойы жұмыс істейтін ҚМДБ-ның Call-орталығы маусым айында 1171 қоңырау шалынған.

Орталық мамандарының айтуынша, тұрғындардың 118 – ораза,  286 – құлшылық, 196 – отбасы, 25 –  теріс ағымдар, 178 – несие-қарыз, сауда-саттық, қалған 368 қоңырау әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша хабарласқан. Одан бөлек орталықтың әлеуметтік желілері арқылы да бірнеше сұрақ қойылған.

Еске сала кетейік, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен наурыз айында ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықтың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы