Мәжілісте жастар мәселесіне қатысты құжат қабылданды
5 Қаңтар, 10:17 272

Мәжілісте жастар мәселесіне қатысты құжат қабылданды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында жастар саясаты мәселелеріне қатысты құжат қабылданды.

Бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндеқаулы қабылдады.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова заң жобасының негізгі мақсатына тоқтала кетті.

Бұл заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге бағытталған. Заң жобасының ережелері жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, білім беру, жұмысқа орналасу, медициналық қызмет көрсету, цифрлық сауаттылықты арттыру және жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту механизмдерін реттейді, - деді депутат.

Жәмилә Нұрманбетова комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытындыны 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін әзірлеуге дайын екенін жеткізді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...