Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасы қаралады

19 Сәуір 2019, 16:10
2919
Бөлісу:
Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң жобасы қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Депутаттар қарауына бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.

Бұл заң жобасы әкімдік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электрондық форматқа кезең-кезеңмен аудару көзделген.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы