Мәжілісмендер Ақсу-Аюлы ауылындағы көпбалалы отбасыларға арналған дүкенге барып көрді

4 Мамыр 2019, 10:27
2469
Бөлісу:
Мәжілісмендер Ақсу-Аюлы ауылындағы көпбалалы отбасыларға арналған дүкенге барып көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Мейрам Пішембаев Қарағанды облысы сайлаушыларымен кездесуі барысында «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақ» әлеуметтік дүкеніне барды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, «Ақтілеу» қайырымдылық қорының қолдауымен Шет ауданы әкімінің бастамасымен ашылған дүкеннен әрбір мұқтаж отбасы тиесілі мөлшерде азық-түлік пен заттай көмек алуға мүмкіндік бар.

«Дүкен тынысымен танысқан Мәжіліс депутаттары осы жерде Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бастамалар жөнінде және оларды заң жағынан қолдау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Осы күні сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының орындалу барысымен танысты.

Депутаттар атап өткендей, азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан тұрғын үй құрлысы үшін қомақты қаражат қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы