Мәжіліске мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін жаңа бастама берілді

15 Қаңтар 2021, 17:34
1238
Бөлісу:
Мәжіліске мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін жаңа бастама берілді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов Strategy2050.kz тілшісіне білдірген пікірінде Президенттің саяси реформаларды жүзеге асырудағы ықпалын айтты.

Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамы депутаттарының алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент саяси реформаларды жүзеге асыру ниетінің дәйектілігін көрсетті. Саяси партиялар үшін Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% - ға дейін төмендету көппартиялықты дамытуға және тұтастай партиялық жүйені одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. Саяси реформалардың бірінші пакетінде саяси партияларды тіркеу шегі 50%-ға 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілгені есімізде. Сонымен қатар барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсы» бағанын енгізу қоғамды одан әрі демократияландыру процесін, халықтың әр түрлі пікірлерін ескеру көрсеткішін ынталандырады. Бұл туралы таяудағы Парламенттік сайлау барысында әртүрлі қоғам өкілдері мен басқа да саяси партиялардың өкілдері айтқан болатын. Соның салдарынан біз іс жүзінде билік пен қоғам арасындағы диалогтың нәтижелерін көріп отырмыз. «Естуші мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз, - деді ол.  

Саясаттанушы Парламентке өтпеген партиялардың ұсыныстары ескерілетінін айтты. 

Осы сайлауда 7% шектен өте алмаған партиялар кез келген жағдайда аймақтардағы позицияларын нығайтады және аймақтық күн тәртібін құруға белсенді қатысады. Бүгін Президент олардың ұсыныстары мен ұстанымдары есепке алынатынын айтты. Өткен сайлаудың басты артықшылығы аймақтардағы партиялардың позицияларын нығайту және аймақтық саяси процестерді жандандыру деп ойлаймын, - деді ол. 

Майгелдинов адам құқықтары туралы Президенттің айтқан басымдылығына қолдау білдірді. 

Жоғарыда айтып кеткен мәселелермен қоса алғанда, бүгін Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформалардың кезекті пакетін жариялады. Мәжілістің жаңа шақырылымына мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін жаңа бастама берілді, - деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы