Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

9 Мамыр 2022, 12:43
1578
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Мәжіліс Спикері соғыс майданынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазақстандықтар КСРО-ның басқа да көптеген халықтары сияқты ортақ Жеңіске жетуге қомақты үлес қосты. 

Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысы соғыстан оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.  

Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш-шабуылдаушы, соғыс жылдарында 305 рет әскери шабуылға шығып, жаудың жеті ұшағын атып түсірген Талғат Бигелдиновті ерекше атап өтуге болады.

Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

 Биыл Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толып отыр. Аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың монументі елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Мәжіліс төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды


 

Өзгелердің жаңалығы