Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды

15 Қаңтар 2021, 12:54
2044
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің  бірінші сессиясында Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды. 

Жасырын дауыс беру рәсімі 20 минут уақытты алды. 

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру нәтижелері тыңдалды. Санақ комиссиясы Мәжіліс төрағасына кандидат Нұрлан Нығматулинге берілген дауыстарды санады. Дауыс беру үшін Мәжіліс депуттарына 100 бюллетень берілді. Жарамсыз бюллетень жоқ. Барлық 100 бюллетень оң болды. Осылайша, Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды, - деді Мұхтар Ерман.

Отырыста Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша Қаулы қабылданды. 

Депутат Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайлансын, - делінген қаулы мәтінінде.
Бұған дейін ҚР Парламентінің бірінші сессиясында депутаттар жасырын дауыс беріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы