Мәжіліс депутаты Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды

2 Желтоқсан 2020, 10:04
1352
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Б. Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы