Мәжіліс депутаттары палата спикеріне Нұрлан Нығматулинді ұсынды

15 Қаңтар 2021, 11:53
1507
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары палата спикеріне Нұрлан Нығматулинді ұсынды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында белгілі болды. 

Мәжіліс төрағасының қызметіне палата депутаттарының жалпы санының көпшілігінің дауыс беруі арқылы сайланады. 

Кеше біздің фракцияның отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Ұсынылған кандидатты Nur Otan партиясының фракция мүшелері бірауыздан қолдады. Нығматулин барлық депутатпен жұмыс істей алады, оған барлық депутат куә болды, - деді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай.  

Осылайша, Мәжіліс төрағалығына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылды. Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаттары ант берді.

Өзгелердің жаңалығы