Бас жаңалықтар
Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы қаулыны қабылдады
06 Қазан 2021, 10:13 5043

Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы қаулыны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, аталған заң жобасы адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен оның өңірдегі өкілінің мәртебесін, лауазымға сайлау және босату тәртібі, қызмет қағидаттары мен кепілдіктерін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ өкілеттіліктерін реттейтін негізгі ережелерін айқындау арқылы адамның құқытары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Жиын барысында депуттардың дауыс беруімен аталған қаулы қабылданды.


Фото: дереккөз
Загрузка...