Майдангер әйелдерге арналған жинақ жарық көрді

9 Мамыр 2019, 11:48
2104
Бөлісу:
Майдангер әйелдерге арналған жинақ жарық көрді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 7747 қыз-келіншектің аттары белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған дейін кеңестік құжаттарда бар болғаны 3 мыңның шамасында отан қорғаушы қазақстандық әйелдер болған деп келдік. Алайда сол сұрапыл жылдары ерлермен қатар етігімен су кешкен отандастарымыз туралы толық дерек жарияланбай келді. Биыл атыраулық тарихшы-журналист Жұмабай Доспановтың ұзақ жылғы ізденісінің арқасында жаңа есімдер жарық көрді. Алты томдық жинақта көптеген майдангер апаларымыздың есімдері мен майдан жолдары туралы толық мағұлмат бар. Әзірге 300 данамен шыққан жинақ алдағы уақытта сұранысқа қарай көбейтілетін болады. 

 

«Кешегі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 7747 қазақстандық қыз-келіншектердің әрбір он біріншісі, яғни 637 қыз-келіншек офицер шенінде болған», - дейді тарихшы-журналист, Жұмабай Доспанов.

 

Өзгелердің жаңалығы