Маусым айында үш айлық жауын жауды

28 Маусым 2020, 17:02
2070
Бөлісу:
Маусым айында үш айлық жауын жауды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 маусымда елордада 39 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал айлық норма – 37 мм, деп хабарлайды "Қазгидромт" РМК-ның баспасөз қызметі.

25 маусымда "Қазгидромет" РМК өңірде қатты жауын-шашын мен қатты жел болатындығы туралы дауылды ескерту жариялаған болатын. 
27 маусымда күндіз және 28 маусымда тәулік бойы жел, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, 27 маусымда күндіз ауа температурасының 10-12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда нақты түскен жауын-шашын мөлшері айлық нормадан жоғары. Ал 1-28 маусым аралығында елорданың өзінде 96 мм жауын-шашын мөлшері түскен, бұл шамамен үш айлық нормаларға теңестіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айындағы консультативтік болжамында ай бойы циклондар мен антициклондар жиі ауысып, жауын-шашынсыз ыстық күндер, жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райымен алмасатын болады деп күткен.

Сондай-ақ, бүгін елорда тұрғындары үшін синоптиктер жаңбыр, найзағай екпінді жел болады деп болжайды.

Өзгелердің жаңалығы