Азия чемпионатында маунтинбайктан команда бас бапкері алтын еншіледі

26 Сәуір 2019, 09:45
1930
Бөлісу:
Азия чемпионатында маунтинбайктан команда бас бапкері алтын еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті алтын медалін жеңіп алды. Masters санатындағы жекелей сында маунтинбайктан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Дымовских алтыннан алқа тақты, деп жазды Olympic.kz. 

Дымовских өз отандасы Геннадий Пучковтан 31 секунд алда болып, жеңімпаз атанды. 30 шақырымдық қашықтықты спортшы 40:11.28 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Үшінші орында ирандық Хоссейн Мохамадиха. 

Бұл кеше өткен велоспорттан құрлық додасында жеңіп алған екінші алтын медаль. Данил Фоминых жекелей сында Азияның алтынын иемденген болатын. 

 

Өзгелердің жаңалығы