Бас жаңалықтар
Математика, информатика: Тоқаев ерекше назар аудару керек пәндер туралы
26 Қаңтар 2021, 16:05 341

Математика, информатика: Тоқаев ерекше назар аудару керек пәндер туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында орта мектептегі білім берудегі мәселелерге тоқталды.

Оқушылардың білімін халықаралық бағалау мектептердегі білім сапасының жүйелі түрде нашарлағанын көрсетіп отыр. Бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей қауіп төндіреді, - дейді Президент. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгінгі күні мектеп бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу туралы көптеген бастама бар екенін айтты.

Соңғы 10 жылда 9 пән пайда болды. Оқыту - тәжірибе жасау алаңы емес. Мұның бәрі негізгі пәндерді оқуға бөлінген сағат санының азаюына алып келеді. Бұл ретте бізде ең жоғары оқу жүктемесі – 67 сағат, ал Финляндия мен Оңтүстік Кореяда ол бар болғаны 39 сағатты, ал АҚШ-та 55 сағатты құрайды. Сондықтан оқыту мен оқушыларды дамытудың басқа да түрлері арасындағы тепе-теңдік маңызды, - деді Тоқаев.

Ел Президенті қандай пәндерге ерекше назар аудару керек екенін атады.

Математика, тілдер, информатика сияқты пәндерге ерекше назар аудару керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

Еске сала кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...