Бас жаңалықтар
Мәскеуде КВИ-дің үндістандық мутациясы анықталды
16 Маусым 2021, 15:29 1218

Мәскеуде КВИ-дің үндістандық мутациясы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасы Мәскеу қаласында коронавирустың үндістандық штамы тіркелді. 

Бұл туралы Гамалея атындағы орталық басшысы Александр Гинцбург хабарлады, деп жазды Интерфакс.

Оның айтуынша, қазір «Спутник V» вакцинасының аталған штамға қатысты тиімділігі зерттеліп жатыр.

Қазір Мәскеуде таралған штамдардың түрлерін анықтап жатырмыз. Мәскеуде уханьдық штамнан бөлек, үндістандық штамм да бар. Біз коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының аталған штамдарға қарсы эпидемиологиялық тиімділігін зерттеуді бастап кеткенбіз, - деді Гинцбург.

Ол «Спутник V» вакцинасы үндістандық штамға қарсы жоғары тиімділігін көрсеткен. Сонымен қатар Гамалея атындағы орталық басшысы «Спутник V» антидененің үлкен қорын қалыптастыратынын, ағзаны вирустың үндістандық типінен жақсы қорғайтынын айтты.

Егер зертхана жағдайында вакцинаның тиімділігі туралы айтар болсақ, уханьдық штамдардан алынған сарысумен салыстырғанда 1,4-2,4 есе төмендеуі байқалады, - деді ол.

Айта кетейік, Үндістанда вакцина алғандар үшін қауіпті COVID-штамы анықталды. Вакциналар қосарланған мутациясы бар штамға қарсы төтеп бере алмайды. Алғаш рет оны Үндістанның Махараштра штатында анықтады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...