Масканың көбі алыпсатарлар қолына өткен – министр

13 Наурыз 2020, 18:09
1566
Бөлісу:
Масканың көбі алыпсатарлар қолына өткен – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты.

Қазір маска бойынша тапшылық бар екені рас, көбі алыпсатарлар қолына өткен, интернетті ашып қарасаңыз маска сатам дегендер өте көп. Бізде шұғыл штаб құрылды. Күн сайын масканы шығару мен тарату мониторингі жасалады. Нұр-Сұлтан мен Алматыда маскаға деген сұраныс жоғары, өйткені мұнда жолаушылар ағыны үлкен, - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр карантинге жатудан бас тартқанда немесе басқа адамдарға біле тұра жұқтырғандарға арнайы жауапкершілік бар екенін де айтты.
Әрине жауапкершілік өте маңызды, бұл жұқпалы ауру, өкінішке орай тез тарайды, қуантатыны ол емделеді, бірақ сақтану керек, оқшаулану маңызды. Оған қатысты жауапкершілік те қарастырылған, карантинді бұзғандарға бес айлық есептік көрсеткіш 13 мың теңге айыппұл салынады. Кейбір азаматтар карантинге қарсы болса, полиция қызметкеріне қарсы шықса қосымша әкімшілік шаралар қабылданады, қамау әдісі қолданылады. Егер біле тұра басқа азаматтарғы жұқтырса қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жақын туыс, бала-шаға алдында, достар алдында жауапкершілік болу керек, - деді Біртанов.
Министр ем жасауға барлық дәрі-дәрмек бар екенін айтты.
Екпе шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағдайы нашар науқастарды емдеу протоколдары бізде түгелдей бар. Қажет болса оны біз пайдалана аламыз. Денсаулық сақтау саласына қажет шаралар қарастырылған. Дәрі-дәрмек, төсек-орын резервтері бар. Дәрігерлерге қолдау керек, шекара қызметкерлерін қорғауымыз керек. Жалпы оқшаулану бұл аурудан сақтанудың бірден-бір жолы, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы