Маска тақпаған ақтөбеліктерге 11 миллион теңге айыппұл салынды

10 Қазан 2020, 02:54
1140
Бөлісу:
Маска тақпаған ақтөбеліктерге 11 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде маска тақпаған адамдар айыппұл төлеп жатыр. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.

Ақтөбеде мобильді топтар, жергілікті полиция қызметкерлері карантиннің сақталуына бақылау жүргізіп жатыр.

«Әкімшілік құқық бұзу туралы»  кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 81 миллион теңге көлемінде 647 айыппұл салынған.

Әртүрлі мерекелік шараларды, той, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан талапқа бағынбайтындар бар. Бетперде тағу тәртібін бұзғаны үшін 11 миллион теңгеге жуық 156 айыппұл салынды. Мәселен, автобус ішінде жолаушымен қатар жүргізуші, кондуктор да бейқам болған. Олар айыппұл төледі, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Даулетова.

Ал отбасылық шараларды өткізген 24 кәсіпкерлік нысанына 7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, өңірде бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы дерек тіркелді. Вирус Жайсаң шекара бекетін кесіп өткен Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынынан анықталды.

Облыста 3254 жағдай тіркелса, оның 98 пайыздан астамы жазылған. Қазіргі кезде үй карантиніне 43 адам алынған.


Өзгелердің жаңалығы