Ескі БАҚ. 1984 жыл. Қазақша жазу машинкасы

24 Ақпан 2019, 19:39
10937
Бөлісу:
Ескі БАҚ. 1984 жыл. Қазақша жазу машинкасы

«Білім және еңбек» журналы, 1984 жыл, ақпан. OCR: ©BAQ.KZ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. BAQ.KZ ақпарат агенттігі «Ескі БАҚ» жобасын бастап отыр. Мақсаты — ертедегі қазақ басылымдарын цифрлық форматта ұсыну. Ескі басылымдар — қызығы, осы күнгі оқырманға берері, бұрынғы сөз саптаудың ұмыт қалған формасын еске түсіру қабілеті бойынша сұрыпталады. Бұл мәтін - қаз қалпында берілген.


«Білім және еңбек» журналы, 1984 жыл, ақпан. Қазақша жазу машинкасы

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманын жазу машикасынсыз елестету мүлде қиын. Осынау елеусіздеу ғана дүниенің қажеттілігі мен пайдасын оқушыға түсіндіріп жатудың өзі артық болар. Дегенмен тарихтан бірер сөз. Өйткені ең алғашқы жазу машинкасының үлгі-жобасын XVI ғасырда италиялық Ромнацетто жасағанын жұрттың бәрі біле бермес. Бұл жобада жазу машинкасының принциптік негіздері ғана болды. Бұрын адам қолымен жазылатын дүниені машинкаға жүктеу проблемасын шешуге тырысқандардың бірі XVIII ғасырда өмір сүрген Пьер Жан Дроз еді. Әлгіндей талабы үшін оған "алаяқ сиқыршы " деген ат берілсе де бұл творчестволық ойдың әрі дамуына жол ашты. Сол ғасыр аяғында 80-дей әріптен тұратын текстерді басуға арналған Ф.Клаустың жазу автоматы дүниеге келді.

Жазу машинкаларының нағыз атасы лондондық су бұбыры жүйесінің инженері Генри Милль болып саналады. Оның 1714 жылы ойлап тапқан машинкасы пайдалануға жараған жоқ. Өзі де, жобасы да сақталмаған. Соған қарамастан жазу машинкасының шынайы тарихи осыдан басталып жүр.

Ремингтонның қару-жарақ заводында 1873-1874 жылдары шығарылған, кейін жетілдірілген жазу машинкалары қожайынның атына ие болды. "Ремигтон" машинкасын пайдаланы, қолжазбасын баспаға алғаш өткізген ұлы жазушы Марк Твен еді. Сол кездерден бүгінге дейін жазу машинкаларының 350-ге жуық түрлері өмірге енді.

Олардың ішінде қазір жетекші фирмалардың әлемнің бірқатар елдерінже шығарып жүрген "Рояль", "Смит Корона", "Сперри-Рэнд", "Ундеркунд", "Олимпик", "Идеал", "Рейнметалл", "Эрика", "Оптима", "Оптима-электрик", "Марица", "Грома" тәрізді машиналар көп тараған. "Эрика-30/40", "Эрика 100/105", үлгілері туралы пікірлер де жаман емес.

Біздің елімізде алғашқы отандық жазу машинкасы "Яналиф" 1927-1929 жылдары Қазан қаласында шықты. 1932жылы Нева жағалауындағы қалада шығарылған "Ленинград", 1936 жылы Отанымыздың астанасында шығарылған "Москва" да жазу машинкаларын өндірудегі алғашқы қадамдар еді.

Елімізде осыдан кейін-ақ жазу машинкасын шығару ісі жолға қойылды. Қазір бізде оның оннан астам түрі кең тарап отыр. Әсіресе, "Украина", "Украина-электрик", "Волга", "Москваның" жаңа модификациялары, "Прогресс", "Горизонт", "Башкирия", "Зоя", "Ятрань" маркалары танымал. Сұраным талабы ескеріле отырып олардың көптеп шығарылуы көңіл қуантады.

- Бүгін таңда жазу машинкаларының рһотандық және шетелдік жүздеген түрлері бар, - дейді Қазақ ССР Мемлекеттік жабдықтау комитеті "Қазглавместснабсбыт" басқармасының бастығы Қуаныш Сариұлы Сариев. - Олардың бәрі де адам еңбегін жеңілдетіп, механникаландыру негізінде іс қағаздарын жүргізуді бірыңғай жүйеге келтіруге көмектеседі. Іс қағаздарының сауатты жазылып, оңды әзірлеуіне ықпал етіп, оларды өңдеу, қабылдау, тіркеу, жөнелту, жедел жауап қайтару жұмыстарын оңайлатады.

Таяуда осы аппараттардың семьясына "Ятрань" маркасының негізінде жасалған қазақша жазу машинкасы да қосылмақ! Бұл іске алғаш түрткі болған филология ғылымының докторы Раманқұл Бердібаевтың хаты еді. Қазақ ССР Министрлер Советінің ұсынысы бойынша Қазақ ССР Мемлекеттік жабдықтау комитетінің "Қазглавместснабсбыт" басқармасы қазақша жазу машинкасын шығарудың мүмкіндіктерін зерттеді. Алдын-ала республиканың министрліктері мен ведомстволарына, облыстық атқару комитеттеріне хат жолданып, олардың қазақша жазу машинкасына деген сұранысы анықталды.

Кировоградтағы "Пищмаш" өндірістік бірлестігімен қазақ алфавитінің 41 әрпі түгел қамтылған жазу машинкасын шығару жөнінде келісім жасалды. Бір тамаша әрі ұтымды жері қазіргі қазақ алфавитіне орыс алфавитінің 32 әрпі толық алынғандықтан бұл жазу машинкасымен орыс, украин, белорусс және басқа да еліміздегі текстерді баса беруге болады. "Қазглавместснабсбыт" басқармасы осы машинканы шығаруға қажетті документайияның бәрін әзірлеп берді.

Кировоградтағы "Пищмаш" өндірістік бірлестігінің бас директоры Н.П. Малете жолдас жақында қазақ шрифті мен клавиатурасы бар "Ятрань" жазу машинкасының мемлекеттік стандарты 1984 жылдың екінші тоқсанында бекітілетінін хабарлады. Бұдан соң сериалы өндіріске жіберіледі. Ал берілген заявка мен келісімнің негізінде бірлестік республикалық жалпы қоры есебінен арнайы тәжірибелік үлгі ретінде 1983 жылдың соңғы тоқсанында тарихта тұңғыш рет қазақша жазу машинкасын шығаруға кірісті.

Кәсіпорындар мен мекемелер және ұйымдар алдағы жылдарға арналған заявкасын "Қазглавместснабсбыт" басқармасына, ал жеке адамдар Қазақ ССР Сауда министрлігіне немесе Қазақ тұтынушылар алдына жолдай алады.



Мәди Мұхамедқали
BAQ.KZ ақпарат агенттігі риясыз көмегі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымына алғыс білдіреді.
Өзгелердің жаңалығы