Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

21 Сәуір 2021, 14:52
3015
Бөлісу:
Масаншы ауылының бүгінгі келбеті
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізді дүр сілкіндірген Қордайдағы қақтығыстан кейін бір жылдан аса уақыт өтіпті. Бүгін аталған ауданда болып, ондағы халықтың тыныс-тіршілігімен таныстық.

Сапар барысында Масаншы ауылындағы қайта қалпына келтірілген үйлер мен нысандарды аралап көрдік. Ауылда 41 көшеге асфальт төселіп, газ, интернет тартылған. Оған қоса жаңа спор кешені мен саябақтар бой көтерген. Ауыл орталығы қаланікіндей етіп қайта құрылып, безендірілген. 

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Масаншы ауылының әкімі Рамазан Малиев былтырғы жағдайдан кейін ауылдағы дүгендер мен қазақтар арасындағы қарым-қатынас нығайғанын айтады.

Масаншы ауылдық округінде 20 мыңдай халық бар. Тұрғындар негізінен жер игеріп, күн көреді. Қазір халық қазақ тілін үйреніп жатыр. Оның ішінде мешіт имамдары да бар. Ақсақалдар бірнеше рет бас қосты, қазір достық қатынасы жақсы жолға қойылған. Жанжалдан кейін мемлекеттен қомақты қаржы бөлінді. 58 үй қайта жөнделіп, дүкендер қалпына келтірілді. Оған үкімет резрвінен 575 млн теңге бөлінді, ал Жол картасы бойынша 2 млрд теңге бөлінді. Ол үшін мемлекетке алғысымыз шексіз,-дейді әкім.
Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Сонымен қатар ол жанжал кезінде жан-жаққа бас сауғалаған ауыл халқы қайта оралғанын айтты.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Бәрі келді. Қазір көпшілігі жұмыс істеу бойынша басқа облыстарға кетті. Көбі Алматы облысы, Қарағанды тіптен Павлодар және басқа облыстарға жер игеріп, сәбіз, пияз, картоп егуді жөн санайды,-дейді ауыл әкімі.
Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Үйі қираған тұрғынның бірі Юсуп Паров бүлінген үйді жөндеуге 7-8 ай уақыт кеткенін айтады.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Пандемия болғандықтан жөндеу жұмыстарына адам жалдау қиын болды. Сондықтан өзіміз жөндедік. Бес бөлмелі үйім жанып кетті, қазір сегіз бөлме етіп қайта жасап алдым. Мемлекет жақсы көмектесті, құрылыс матермалдарын бәрін алып берді,-дейді ол.
Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Ауыл тұрғындары көктемгі егістік жұмыстарына кірісіп кеткен. Көпшілігі өз ауласынан жылыжай ашып, көкністер өсіріп отыр.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Еске алсақ, былтыр 7 ақпан күні Қордай ауданында тұратын дүнген-қазақ арасында қақтығыс  болып, ондаған адам қаза тапқан еді. Бұл оқиғаға ұлтаралық емес, тұрмыстық жанжал деген баға берілді.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Жанжал негізінен Масаншы,  Қаракемер, Бұлар батыр, Сортөбе және Аухатты ауылы жастары арасында болған. Төбелес кезінде 11 адам қаза тапты және үйлер мен сауда орындары өртенді. Сол кезде ауданда төтенше жағдай жарияланып, бақылау күшейтілген еді.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Кейін жанжал кезінде 164 үй мен сауда орны, 100 көлік бүлінгені айтылды. 342 адам жәбірленуші деп танылған. Оған қоса 400-ден астам экспертиза жүргізіліп, мың жарымнан астам адам сұралған. Сондай-ақ 120-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 50-ден астам адамға айып тағылды. Сот нәтижесінде 7 адам сотталды. 

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Жанжалдан соң Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов және бірнеше шенеунік пен полиция департаментінің бастығы қызметінен кетті.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Төтенше жағдайдан кейін аудандағы қираған үйлер мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. «Щивон» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, зардап шеккен отбасыларға 104 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Қордан бөлек кәсіпкерлер атынан да қайтыс болған адамдардың отбасына көмек көрсетілген. Оның үстіне 2020 жылы Қордай ауданына бюджеттен "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Өңірлерді дамыту", "Ауыл - Ел бесігі", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламалары бойынша 387 жобаны жүзеге асыру үшін 21 млрд теңге қарарастырлған.

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Сонымен қатар дүнген балаларына қазақ тілін үйрету және оларды әскерге жіберу мәселесі де қолға алынған.


Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

Масаншы ауылының бүгінгі келбеті

WhatsApp Image 2021-04-21 at 14.25.28.jpeg

WhatsApp Image 2021-04-21 at 14.25.41.jpeg


Өзгелердің жаңалығы