Мас жүргізуші қағып кеткен бала есін жиды

5 Желтоқсан 2019, 16:18
8559
Бөлісу:
Мас жүргізуші қағып кеткен бала есін жиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен 14 жастағы баланың жағдайы туралы айтты.

Баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бірақ динамика бар. Көп жарақат алған. Сүйектері, бас сүйегі сынған. Есін жиды. Ол комада болған еді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасында.
Естеріңізге сала кетейік, мас күйінде таксиді айдап кеткен елордалық екі адамды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы