Мароккода шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр

27 Маусым 2020, 05:41
1083
Бөлісу:
Мароккода шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мароккода коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді жеңілдету жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Елде мейрамханалар мен дәмханалар соңғы үш айда алғаш рет ашылып, адамдарға қызмет көрсетуге кірісті.
Сауда орталықтары мен шаштараздар, спортзалдар да жұмысын бастады. Қала арасында көлік және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп, ішкі әуе рейстері жүзеге асырылып жатыр. Бірақ аталған салалар індетке қарсы санитарлық талаптарды орындап, адамдардан бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауын қадағалап отыруы тиіс. Ал ресми дерекке қарағанда, Мароккода коронавирусты жұқтырғандардың саны 11 мыңнан асады.
 
Біз барлық сақтық шараларын орындап, үстелдерді бір жарым метрден алыс етіп қойдық. Олар бір-бірінен қызыл жолақпен бөлінген. Бұдан бөлек, адамдардың дертті жұқтырмасы үшін өзге де тазалық шараларын енгіздік, - деді дәмхана қожайыны Адиб Садика. 
Өзгелердің жаңалығы