Алматы облысында марихуана өсірумен айналысқан екі тұрғын ұсталды

9 Шілде 2019, 20:29
1677
Бөлісу:
Алматы облысында марихуана өсірумен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір тәулік ішінде Алматы облысында есірткі тектес өсімдікті баптаудың екі дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы дерек облыс орталығына жақын орналасқан Көксу ауданында тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел ақпарат негізінде жергілікті тұрғынның үйінен жалпы салмағы 9 кг жуық болатын 50 түп марихуананы тәркіледі.

«Марихуана күдіктінің бақшасында өсірілген. Сонымен қатар, полицейлер моншасынан пайдалануға дайын, кептірілген марихуана тапты. Осыған ұқсас жағдай Талғар ауданында да тіркелді. 40 жастағы қала тұрғынының тыйым салынған өсімдікті баптап өсіргені әшкере болды. Екі дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері облыс аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірудің 8 дерегі анықталған. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, баптау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 50 жастағы Өзбекстан азаматы еліміздің шекарасынан «марихуана»  есірткісін алып өтпек болған.

Өзгелердің жаңалығы