Бас жаңалықтар
Марат Тасмағанбетов СҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
22 Наурыз 2019, 13:39 1785

Марат Тасмағанбетов СҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Астана, BAQ.KZ СҚО әкімінің өкімімен Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Марат Тасмағанбетов 1971 жылы туған. Көкшетау ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданы «Привольный» совхозында бригада есепшiсi болып бастаған.

1995–2000 жж. — СҚО, Целинный ауданының «Западный» совхозының бас агрономы, «Западное Казахстан» ЖШС директоры.

2000–2006 жж. — СҚО, Ғабит Мүсiрепов ауданының «Вест» ЖШС директоры.

2006–2014 жж. — СҚО, Ғабит Мүсiрепов ауданының әкiмi.

2014 жылдан бастап осы күнге дейін Петропавл қаласының әкiмi болып қызмет етті.

Сізден жаңалық