Белгілі саясаттанушы вакцина салдыртты

4 Сәуір 2021, 14:31
1697
Бөлісу:
Белгілі саясаттанушы вакцина салдыртты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешелі бері халықты жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Дәрігерлер де індетті тоқтатудың бір жолы - вакцина екенін айтып отыр. Осы ретте елге танымал азаматтар да өздерінің емханаларына барып, вакцина салдырған екен.

Жексенбіге қарамастан халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Несмотря на воскресенье началась массовая вакцинация самого населения. Привился несмотря на страх. Много молодёжи как...

Опубликовано Marat Bashimov Суббота, 3 апреля 2021 г.

Мен де екпе салдырттым. Екпе алып жатқандардың көбі жастар. Кезек айтарлықтай. Instagram арқылы білген екен. Дәрігерлер, мейірбикелер мен психологтар кімнің іштей қорқып, қобалжып отырғанын сезеді. Дәрігерлер тамақты, температураны, қан қысымын тексеріп, бұрындары қандай аурумен ауырғандарыңды, қандай да препаратқа аллергия бар-жоқтығын да сұрап жатыр. Вацинадан кейін 30 минут күтесіз, - деп жазды Марат Башимов.

Сонымен қатар Марат Башимов 9 емхана басшылығының вакцинациялаудан тәжірибесі бар екенін және бас дәрігердің орынбасары Дана Әбілғазина жағдайды өзі бақылап жүргенін айтты.  

Кеше мен өзіме COVID-19-ға қарсы екпесін (вакцина) салғыздым. Бұл вакцинаны салдыруға көптеген күмәнданушылармен бірге ...

Опубликовано Алмасом Кунгожиным Суббота, 3 апреля 2021 г.

Вакцина салдыртқан Алмас Күнғожин қазіргі жағдайда бұл індетті жеңуге тек жаппай вакцинация ғана мүмкіндік бере алады деді.

Кеше мен өзіме COVID-19-ға қарсы екпесін (вакцина) салғыздым. Бұл вакцинаны салдыруға көптеген күмәнданушылармен бірге қарсыластардың бар екенін білемін. Алайда инфекцияны жұқтырудың жанама әсерлері мен салдарын салыстыра келе, ғылыми қауымдастық, батыс және шығыс елдерінің коронавируспен күрестегі тәжірибесіне сенім білдірдім. Қазіргі жағдайда, бізге бұл індетті жеңуге тек жаппай вакцинация ғана мүмкіндік бере алады деп ойлаймын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы