Бас жаңалықтар
Марат Бәшімов: Митинг туралы заң дер кезінде қабылданды
20 Мамыр 2020, 13:05 145

Марат Бәшімов: Митинг туралы заң дер кезінде қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс залында қабылданған митинг туралы заңға байланысты Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі институт директоры Марат Бәшімов өз пікірін білдірді.

Бейбіт жиналыстар туралы заңды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында ұсынды. Қанша айтқанмен, Президент оны ұсынбаса, жаңа демократиялық реттеу болмас еді. Заң жобасы халықаралық стандарттарға, атап айтқанда азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына сәйкес келеді, өйткені ең бастысы - ерік білдіру құқығы қамтамасыз етіледі. 21-бапта айтылғандай, бейбіт жиналыстарға құқық бар, бұл құқықты пайдалану заңға сәйкес жазылатын және демократиялық қоғамда мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде қажетті шектеулерден басқа ешқандай шектеулерге жатпайды, - деді институт директоры. 
Сонымен қатар, ол заңның адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияның қағидаттарына да сәйкес келетіндігін атап өтті. 
Бүгін Сенаттан қосымша түзетулермен  адам құқықтары саласындағы халықаралық пактілердің талаптарына сәйкес келетін Мәжілістегі бейбіт жиналыстар туралы либералды және прогрессивті заң жобасы қабылданды. Оны мұқият оқитын адам түсінеді. Үлкен жұмыс атқарылды. Короновирус індетінің қашан бітетінін білмейміз. Егер қазір заңды қабылдамаса, онда ол қашан қабылдануы мүмкін және және ол қашан қоғаммен талқыланатыны түсініксіз. Әлі күнге дейін 1995 жылғы заң нормалары қолданылады. Және құқық қорғау болсын, полиция немесе басқа да мемлекеттік органдар осы ескі заң нормаларына бағынуға мәжбүр, - деп пікір білдірді ол.
Сонымен қатар, Марат Бәшімов заң жобасы қабылданғаннан кейін жаңа құқықтық реттеу өз пікірлерін білдіру еркіндігі бойынша көптеген қазіргі проблемалық мәселелерді жеңілдететінін айта кетіп, мұның бәрі оңай әрі қолжетімді, қауіпсіз және ыңғайлы болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, ол заң жобасындағы ескертулерге тоқталды. 
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында пикеттер, жиналыстар, митингтер үшін мамандандырылған орындардың саны қаланың немесе қаланың әрбір ауданының орталық бөліктерінде (қала ішінде аудандар болмаған жағдайда) кемінде үшеуін құрауы тиіс деп белгіленді. Бұл азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар естуге мүмкіндік береді. Және де Нұр-Сұлтанда арнайы орындар саны – 12-ден кем емес, Алматыда – 24-тен кем емес, Шымкентте - 12-ден кем емес, Қарағандыда-6-дан кем емес, - деді Марат Бәшімов.

Сонымен бірге, бейбіт жиналысты өткізу туралы хабарлау мерзіміне назар аударылғанын айтып, ұсынылған мерзімдер 15 тәуліктен 5 тәулікке дейін қысқартылғанын атап өтті.
Заңмен тыйым салынбаған кез келген жерлерде пикеттер өткізу мүмкіндігі ұсынылды. Мұндай тыйым салынған орындардың тізімі стратегиялық маңызы бар объектілермен, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды талап ететін объектілермен шектеледі. Мысалы, бұл темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері, магистральдық құбырлар, байланыс желілері. Арнайы орындар қалалардың орталық бөліктерінде болуы, ұйымдастыру ыңғайлылығын, инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігін, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын, жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс, - дейді Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі институт директоры. 

Сонымен қатар, ол бейбіт жиналыстар өткізу үшін демонстрация, шеру түрінде жергілікті атқарушы органның келісімін алу қажет екендігін айта кетті.
Бұл дұрыс деп ойлаймын. көшелерді жауып, сол арқылы басқа адамдардың, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және тағы да басқа құқықтарын бұзу дұрыс емес. Сондай-ақ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп туғызу, мүлікке зиян келтіру, соның ішінде арнайы орынды толтыру нормасының артуы нәтижесінде бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері нақты белгіленген, - деп сөзін түйіндеді институт директоры.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...