Мақат және Жем станцияларында  пойыз қозғалысы тоқтады - ҚТЖ
5 Қаңтар, 15:30 177

Мақат және Жем станцияларында пойыз қозғалысы тоқтады - ҚТЖ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» Мақат және Жем станцияларында пойыз қозғалысы тоқтағаны туралы хабарлады.

Алматы-1, Алматы-2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан станцияларынан Мақат және Жем станциялары арқылы жүретін жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтады.

Сондай-ақ осы жылдың 4-5 қаңтарына қараған түні 14 пойыздың жолаушылары діттеген жеріне жетпей қалды. Қазіргі уақытта пойыздар уақытша торапты станцияларда тұр. Жолаушылар тамақпен және сумен қамтамасыз етілгені туралы хабарланды. Жол жүру билеттерінің құны толық қайтарылады.

Сонымен қатар 2022 жылдың 5 қаңтарында таңертең 46 жүк пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қозғалыс жабылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...