Маңғыстау облысында 39 градусқа дейін күн ысиды

21 Тамыз 2019, 16:55
1558
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 39 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.

"22 тамызда күндіз Маңғыстау облысынының кей жерлерінде 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.  

Дабылды ескертудің ықтималдылығы –95-100%.

Ал 22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с соғады.

Петропавл қаласында 22 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы –90-95%.


Өзгелердің жаңалығы