Бас жаңалықтар
Маңғыстаулық жастар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
14 Тамыз 2019, 13:18 201

Маңғыстаулық жастар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау жастары ізгі шараның өтуіне мұрындық болды, деп хабарлады облыстық жастар ресурстық орталығы.

«Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұжымы жергілікті кәсіпкер азаматтарды ұйымдастырып, өз тарапынан бастама көтеру арқылы жаңа оқу жылы басталар алдында аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек қолын созды. Тұрмысы төмен отбасылардың, көп балалы жанұялардың балаларының мектепке барарда қаражат тапшылығынан қиындық көретінін білетін жастар жергілікті кәсіпкерлерге үндеу тастап, олардың көмегімен бірнеше аз қамтылған отбасының балаларына оқу құралдарын сатып алып беріп, балғындарды бір қуантып тастады", - делінген таратылған ақпаратта.

Осындай шарапаты мол шараны ұйымдастыра отырып, жастар өзгелерді де қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырды. Оқу жылы басталған қыркүйек айында да осындай ізгі шаралар тоқтамай, одан әрі жалғасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық