Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады

20 Мамыр 2019, 13:43
2316
Бөлісу:
Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі.  ІІМ-нің нұсқауымен республика аумағында өтетін дәстүрлі шара осы өңірде екі күнге жалғасты. 

Облыс тұрғындары көтерген сауалдарға Маңғыстау облысының Полиция департаментінің басшысы Қайрат Таймерденов бастаған құзырлы орган басшылығы, сонымен қатар өңірлік әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі, кадр саясаты басқармасының қызметкерлері мен Nur-Otan партиясының өкілдері жауап берді. 

Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады

«Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелердің басым көпшілігі - автокөлікті тіркеуге қою, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, көш елердегі жол таңбаларын жаңарту мен әкімшілік айыппұлды төлеуді қамтыды» - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Олардың айтуынша, Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ өңірге қарасты бес ауданның кісі көп жүретін орындарында, атап айтсақ халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі сауда орындарының алдында қорабына баннерлер ілініп, арнайы жабдықталған автобус тұрды. 

Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады

«Дәстүрлі шараны көпшілікке жариялауға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері шақырылды. Жалпы осы іс-шаралардың барлығы да өңірлің Полиция департаментінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді» - дейді Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Екі күнге созылған «Жолда қабылдау» шарасына облыс бойынша бірнеше мың тұрғын келіп қатысып, көкейтесті сауалдарына жылдам әрі жан-жақты ақпарат алуына мүмкіндік берілді. Осы аралықта облыс бойынша 34 30 60​ "Қауырт желі" қызу жұмыс істеді.​ 

Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады

Бұдан бөлек, осы шара аясында Ақтау қалалық Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қалаішік шағын аудандардың тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Олардың өтінішін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы