Маңғыстаулық полицейлер екпе салдыртып жатыр

2 Сәуір 2021, 18:46
1659
Бөлісу:
Маңғыстаулық полицейлер екпе салдыртып жатыр

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік полиция департаментінің жеке құрамында бас-аяғы 2178 погонды қызметкер бар. 

Өткен наурыз айынан бері соның 20-сы ресейлік «Спутник V» препаратының 1-компонентін салдырды. Облыстық аурухананың егу кабинетінде болған полицейлер департаментке қарасты қарауыл қызметі ротасында жұмыс істейді. 

Олардың барлығы бірдей және туған-туысқандары да бұрын дертке шалдықпаған. 

Вакцина осы сырқаттың алдын алуда ең маңызды рөл атқарады. Бізге ерікті түрде вакцина алу мүмкіндігі берілді. Мен бірден екпе аламын деп шештім. Өйткені өзімді және жанұямды қауіпсіздендіруім керек. Оның үстіне полиция қызметкерлері әрдайым алдыңғы қатарда жүріп, халықпен жиі қарым-қатынаста болады. Бұл вакцина біздің қалыпты өмірге оралуымызға жол ашады. Әрі мына пандемияны жеңуде басты қадам деп санаймын, - дейді қарауыл қызметі ротасының командирі Нұрәділ Дәулетов. 

Вакциналаудан өткен қарауыл қызметіндегілердің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Жауапты қызметін күнделікті атқарып жатыр. 

Емдеу алгоритіміне сәйкес 21 тәуліктен соң ресейлік екпенің екінші компонентін салдыртуға барады. Апта соңына дейін осы қызметте жүрген тағы 30 погонды қызметкер алғаш рет вакцинацияланады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы