16 жастағы оқушы жарты сағат ішінде Каспий теңізінен үш қап қоқыс жинап шықты

12 Қыркүйек 2021, 17:45
3967
Бөлісу:
16 жастағы оқушы жарты сағат ішінде Каспий теңізінен үш қап қоқыс жинап шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық байқау аясында Сайын ауылындағы Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы теңіз түбін қоқыстан тазартуды шешті.

Бұл туралы география пәнінің мұғалімі Ақтоты Абдуллаев хабарлады.

Ақтоты Абдуллаеваның айтуынша, оқушылар арасында «Туған өлке экологиясы» облыстық байқауы өтіп жатыр.

11-сынып оқушыларының бірі 16 жастағы Асхат Өтеген байқауға қатысуға шешім қабылдап, мұғалімге туған ауылының су айдынында қоқыс жинау бойынша сенбілік өткізуді ұсынды.

Оқушы география пәнінің мұғалімі Нұрлан Тәжімұратовпен бірге бес метр тереңдікке секірді.

Жарты сағат ішінде Асхат Өтеген қоқыс толы үш үлкен торды жинап алды.

Каспий теңізін ластамайық, - деді Өтеген.
Ақтоты Абдуллаев айтуынша, тазалау туралы бейнеесеп 16 қыркүйекте қалалық байқауда, ал 23 қыркүйекте облыстық байқауда ұсынылады. Байқау онлайн форматта өтеді.
Өзгелердің жаңалығы