Маңғыстауға 5 айда 216 млрд теңге инвестиция тартылған

11 Маусым 2021, 00:46
1344
Бөлісу:
Маңғыстауға 5 айда 216 млрд теңге инвестиция тартылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 айда Маңғыстау өңіріне 216 млрд теңге тартылды. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Тұрымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, биыл 5 айда өңір өңдеу өнеркәсібі, инвестиция, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй салу, көлік салалары оң нәтиже көрсеткен.

Серікбай Тұрымов Маңғыстау өңірі инвестиция тарту бойынша үздік аймақтардың қатарында екенін атап өтті.

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облысқа тартылған инвестиция көлемі 12,9%-ға артып, 216 млрд теңге болды. Биыл облыста 270 млрд теңгеге жуық қаржыға 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Осылайша, 2 600 адамды жұмыспен қамтылады, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңірде инвестиция тартуға арнайы экономикалық аймағының үлесі зор екенін атап өтті.

Ол ашылғалы 200 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды. Бүгінде бұл аймаққа 19 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Онда 1800-ге тарта адам еңбек етуде. Алдағы уақытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен тағы 5 жоба жүзеге асырылады, – деп түйіндеді сөзін Серікбай Тұрымов.


Өзгелердің жаңалығы