Маңғыстаудағы түлектер туған ауылына аллея сыйлады

15 Мамыр 2022, 17:35
3105
Бөлісу:
Маңғыстаудағы түлектер туған ауылына аллея сыйлады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыйлық Маңғыстау ауданының Шебір ауылына кіре берісте пайда болды,- деп хабарлайды қоғамдық коммуникация орталығы.

 Аллея 200 шаршы метрлік болады. Аллеяны 2002 жылы мектеп бітіргендер түлектер өздерінің  бұл жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай сыйлық ретінде жасап отыр.

 Аллея толығымен қоршалған, төселген тастармен безендірілген. Мұнда демалуға арналған орындықтар мен ыңғайлы шамдар орнатылған. Сонымен қатар, 1985 жылы туған ауыл тұрғындары шырша отырғызды,-деді Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстаудағы түлектер туған ауылына аллея сыйлады

Ауылды абаттандыруға 2012 жылғы түлектер де өз үлестерін қосты. Олар биыл мектеп бітіргендеріне  10 жыл толған мерейтойын атап өтеді. Жастар ауылға биіктігі 16 метр тутұғыр орнатты.

 Соңғы жылы біздің кент жақсы жаққа өзгерді. Ауылдағы жолдар асфальтталған, демалыс аймағы құрылуда. Кәсіпкерлерде көмектеседі. Мысалы, Рза Құсайынов кіреберістегі маңдайшаны жаңартады. Әсіресе, туған ауылына ауылдың ескі тұрғындарынан үлгі алатын жастардың да үлес қосқаны қуантады, - деп атап өтті Шебір тұрғындарының бірі Тілейберген Балғаев.

Өзгелердің жаңалығы