Маңғыстауда теміржолшылар құм басқан жолды тазартып жатыр

3 Мамыр 2022, 19:45
1246
Бөлісу:
Маңғыстауда теміржолшылар құм басқан жолды тазартып жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құмды дауыл теміржолға қауіп төндіргендіктен Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы 10 рзд-Маната, 14 рзд-15 рзд сатыларында пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.

Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан таразтуға  2 арнайы жабдықталған жол техникасымен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді. 

Шаң-тозаң жиі көтерілетін Маңғыстау облысында теміржолшылар желіні құмнан күн сайын тазартып тұрады десе де болады. 

Сонымен қатар, кейбір учаскелерде қамысты және шпалды тор қоршаулар орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы