Маңғыстауда ревакцинация басталады
16 Қараша 2021, 08:01 110

Маңғыстауда ревакцинация басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау баяндалған болатын. Ең алдымен ревакцинация медицина мамандарына, педагогтерге, полиция қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне жүргізіледі,-деді Аманбек Жұмыров.

Сонымен қатар Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыровтың айтуынша, 17 қарашадан кейін өңірге Comirnaty (Pfizer) вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіледі.

Балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында Республика бойынша 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдер және бала емізетін босанған әйелдерге 42 күннен соң вакцинациялау жүргізіледі,-деді Аманбек Жұмыров.

Фото: дереккөз
Загрузка...