Бас жаңалықтар
Маңғыстауда карантин талаптарын бұзғандарға 1 млн-нан астам айыппұл салынды
24 Қаңтар 2021, 16:25 205

Маңғыстауда карантин талаптарын бұзғандарға 1 млн-нан астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында құрылған 24 мониторингтік топ карантиндік талаптарды бұзудың 4 жағдайын анықтаған.

Олар барлығы бетперде режимін сақталмауына байланысты болған.

Жыл басынан бері, облыс бойынша мониторингтік топтар тарапынан 60 рейд жүргізіліп, 781 объект мониторингпен қамтылған. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің карантин талаптарын бұзудың 4 фактісі анықталған. Оның ішінде Ақтау қаласындағы Uncle Jaск түнгі клубына 2 айыппұл және 1 айыппұл Золотой Дракон кафесіне салынған. 

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы Вегас фотосалонында да бетперде режимі сақталмайтыны анықталған.  

Аталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1 050 120 теңге әкімшілік айыппұлдар салынған, - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...